Характеристика
Оқыту пәні саласындағы практикалық және ғылыми-теоретикалық білімдері жоғары деңгейде, оқыту әдістері , педагогика және жас ерекшелігінің психологиясы, АКТ пайдалану мәселелері тарапынан білікті жақсы әдіскер. Өз жұмысында жоба әдістері, Қараев технологиясы, АКТ, құзыреттілікке бағытталған оқыту атты жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, сабақтарын жоғары әдістемелік деңгейде өткізеді. Оқу және сабақтан тыс әрекеттерін сабақтастыра жүргізу арқасында педагог оқытудың тұрақты нәтижелеріне қол жеткізді: 2 оқушысы «Ақ бота» байқауында 3-орынға ие болды. АКТ- құзыреттілігінің жоғары деңгейіне жетіп, желіс жобалар жұмысы бойынша біраз тәжірибе жинады.
Құзыреттілікке бағытталған оқыту мен АКТ-технологияларымен жұмыс істейтін мұғалімдердің еңбектерін тәжірибеге енгізудегі педагогикалық ұжымының әрекеттерін үйлестіреді. Жұмыс тәжірибесі педкеңес, ӘБ және ҒӘК отырыстарында ғана емес, сонымен қатар XIII Аймақтық конференцияда «Реализация метода тематического погружения в мультимедийную среду при изучении тригонометрии» атты еңбегі, тест түріндегі (2012 ж.)тапсырмаларды құрастыру, интерактивтік жаттығуларды қолдану мен АКТ технологияларын пайдалану бойынша математика, физика пән мұғалімдерінің қалалық семинарларында да бірнеше рет ұсынылған. Математика мұғалімдерінің әдістемелік жұмыс жүйесіне көптеген жаңалық енгізудің ұйытқысы болып жүр. Математика мұғалімдерінің ӘБ сайты, № 33 МБК-ң педагогикалық қоғамы жасалып, мектепішілік әдістемелік журналының шығуы ұйымдастырылған. Облыстық эксперимент бойынша шығармашылық топтың жұмысын басқарады, құзыреттілікке бағыттай оқыту технологиясы жөнінде облыстық семинарға баяндама дайындап жатыр.Экспериментті жүзеге асыру шеңберінде мектеп ортасын дамытудағы үлгі жобасын, МБК жүзеге асыру тұрғысынан сабақ талдаудың сызбасын жасап, балдық рейтинг жүйесі мен оқытудың модульдік топтама жүйесін енгізуде өз идеясын қосты. Қалалық ӘБ жұмысы тарапынан тригонометриядан жұмыс дәптері, 7-сыныптарға геометриядан АКТ-ны пайдалануымен құрастырылған сабақтар әзірледі. 9-сынып оқушыларының емтихандық жұмыстарын тексерудегі комиссия жұмысына қатысты (2011 ж.). Педагогтің құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің жоғарлауы біліктілігі мен жетік шығармашылық даралық қасиетіне негізделген.